Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (20)

Радлов жинағынан

Міндім де осырақ қоңыз аяңдаттым,
Болдыртып аяғына қоянды аттым.
Апырым-ай! Сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмаппын.

Толық

Шыбын

Отырмын бір мал айтып, көңілім тасып,
Сол малды айтып сойып, көңіл басып.
Малдың етін таратып, жеп жатқанда,
Балалар түйе баққан келді сасып.

Толық

Өтірік өлең

Күн райы.
Барып-барып қайтады,
Бөрі барда,
Жатпас ауыл айтағы.

Толық

Марстағы машақат

Дәл Марстың өзінде
Тұрушы еді ағайым.
«Іздеп соны өзім де,
Қыдырып бір барайын», –

Толық

Өтірік өлең

Айтпайын көңіл сенбес қиыспасты,
Үмітім арманыммен жиі ұштасты.
Мазасыз тіршілікті иеленіп,
Қуанам болғаныма жұмыс басты.

Толық

Өтірік өлең

Баласы қасқа айғырды өлтіріпті,
Құдайым айтқызбасын өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға міңгесіпті,
Бәрін де тура тасқа тышқан өлтіріпті.

Толық

Өтірік өлең

Басында керегенің үрген қарын,
Демалмастан көтердім соның бәрін.
Көп қатын сиыр сауып, май алмайды,
Шіркей сауып май алдым алты қарын.

Толық

Торы тай

Торы құлын келер жылы шықты тайға,
Оқи бер бата-құран туған айға.
Қуанышым қойныма күнде сыймай,
Құмалақ салдырамын жаңа айда.

Толық

Өтірік өлең

Шырт ұйқыда жатырмын мен түнгі екі,
Бұл уақытта көрінбес-ау күн беті.
Шатырға да бірдемелер тасырлап,
Бетімді кеп сипалады күн беті.

Толық

Өтірік өлең

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.
Жүк қылып қара нарға артып едім,
Орнынан тұра алмады жануарым.

Толық

Өтірік өлең

Жапалақ көбелекке қызын беріп,
Қасына жеңгелікке шыбын еріп.
Сол тойға құмырсқаның жүзін сойып,
Ат шаптырып той беріпті төңірекке.

Толық

Өтірік өлеңдер

Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын құмырсқаның ұстап бағып,
Қой тастан адыр-адыр түлкі қақтым.

Толық

Өтірік өлең

Айда жүрген тауықты,
Менің анам сауыпты.
Сүтін оның қымызғып,
Айран да жасап алыпты.

Толық

өтірік өлең

Айда жүрген тауықты
Менің анам сауыпты
Сүтін оның қымыз ғып
Айран да жасап алыпты

Толық

Кер бие, торы құлын

Ауылым тұрған көктеп,
Асы жайлап,
Пендені жүреді екен нәсіп айдап.
Бөктерге жазға салым түсіп қонып,

Толық

Өтірік өлең

Қайныма қарға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Алдына қайын атамның қырындадым.

Толық

Өтірік өлең

Жаздың күні қар жауды.
Қар жауды да мал жауды.
Манағы жауған қар емес
Шоколад , кәмпит барбарис.

Толық

Өтірік өлеңдер

Ай бетіне құм ектім,
Иісін сордым сүр еттің.
Тебенімнің ұшына,
Жүз кірпіні түнеттім.

Толық